ҰБТ-ның 50 баллмен metu-ға  грантқа  қалай түсуге болады

ҰБТ 50 баллдан бастап, Алматы қ. халықаралық инженерлік-технологиялық университетіне грантқа түсу: білім беру бағдарламалары, metu бонустары мен сыйлықтары, нұсқаулық



50 балл жинау арқылы  Metu-ға  грантқа түсуге болады ма?


Біздің жауабымыз ИӘ, себебі:

1.    Біз жеке ЖОО болғандықтан, ұлттық жоғары оқу орындарына қарағанда, олардың шекті баллы кемінде 65 балл, біздің университетте грантқа және ақылыға шекті балды 50 балл құрайды. Бұл дегеніміз, егер сіз 65 ұпайдан аз жинасаңыз, онда сіз ұлттық университетке грантқа түсе алмайсыз. Ал METU-ға ешқандай қиындықсыз және мәселесіз.

2.    2023 жылы кейбір балалар ҰБТ-дан 50-ден 60-қа дейін ұпай жинап, грантқа өтініш беруге тәуекел етті. Нәтижесінде, олар гранттар ұтып алып, бізге келіп түсті және әрқайсысы сыйлық ретінде ноутбук алды.

3.    Грантқа өтініш берген кезде сіз сол бейіндік пәндер бойынша 4 гранттық бағдарламаны таңдай аласыз - мүмкіндіктер одан сайын артады!



Metu-ға  мемлекеттік грантқа  түсу кезінде қандай мүмкіндіктер аласыз?


1. Математика-информатика

Топ
КодБілім беру бағдарламасы
Бағдарлама сипаттамасына сілтеме
b057
B06103
Бағдарламалау инженериясыТолығырақ мында

2. Математика-физика

Топ

Код
Білім беру бағдарламасы
Бағдарлама сипаттамасына сілтеме
b059
6B06201
Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
Толығырақ мында
b064
6B07103
Технологиялық машиналар және жабдықтар
Толығырақ мында
b076
6B07501
Стандарттау және сертификаттау (тамақ өндірісі)
Толығырақ мында
b062
6B07105
Электр энергетикасындағы ақпараттық технологиялар
Толығырақ мында

3. Химия-биология

Топ
Код
Білім беру бағдарламасы
Бағдарлама сипаттамасына сілтеме
b068
6B07203
Тағам өнімдерін өндіру технологиялары және инжинерингі
Толығырақ мында
b050
6B05101
Биотехнология
Толығырақ мында
b050
6B05102
Биоинженерия және биоинформатика
Толығырақ мында
b077
6B08103
Жеміс-көкөніс шаруашылығы және агротопырақтану
Толығырақ мында

4. География-английский

Топ
Код
Білім беру бағдарламасы
Бағдарлама сипаттамасына сілтеме
b091
6B11101
ТуризмТолығырақ мында

5. География-математика

Топ

КодБілім беру бағдарламасы
Бағдарлама сипаттамасына сілтеме
b044
6B04105
Менеджмент -Экономикадағы ақпараттық және инновациялық технологияларТолығырақ мында
b046
6B04103
ҚаржыТолығырақ мында


Metu-ға  мемлекеттік грантқа  түсу кезінде қандай мүмкіндіктер аласыз?

Тегін оқу + шәкіртақы+ сыйлық ретінде жеке ноутбук + университеттен 2 минуттық жерде Studhouse Premium жатақханасында тұруға басымдық

Тағы қандай университет сонша артықшылық береді?



Грантқа түсе алатынымды қалай білуге болады?

Бізге чатқа немесе Whatsapp қа жазыңыз қабылдау операторлары сізге кеңес беріп, максималды түсу мүмкіндігі бар бағдарламаны таңдауға көмектеседі


Грантқа қалай және қашан өтініш беру керек?

Мемлекеттік грантқа өтінішті тек 13-20 шілде аралығында беру керек.

Егер сіз осының бәрін әлдеқайда ертерек жасасаңыз өзіңізге жақсы болады. Себебі: біз сіздің құжаттарыңызды тексеріп үлгереміз және егер қандай да бір мәселе туындаса, сізде оларды өзгертуге уақыт болады.

Мұны техникалық тұрғыдан қалай жасауға болады:

1. Бізге келіп

Сіз қабылдау комиссиясына Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 93А, 1 қабат мекен-жайы бойынша өзіңізге ыңғайлы уақыт пен күнде келесіз (қалай жетуге болады)

Бізге төменгі оң жақтағы чатқа алдын-ала жазыңыз бізге бірнеше рет келіп, уақыт жоғалтпау үшін құжаттарыңыз түгел ме , жоқ па, соны онлайн тексереміз.

2. Egov.kz порталы арқылы өтінім беру кезінде онлайн-сүйемелдеу

Қабылдау комиссиясы  Egov.kz. портал арқылы өз бетінше өтініш берген кезде сізге онлайн-сүйемелдеуді қамтамасыз ете алады. Біз сізбен осы сәтте телефон қоңырауы, Zoom, Teams арқылы байланыста бола аламыз немесе мұны қалай жасау керектігі туралы нұсқаулықты жібере аламыз.

Бізге чатқа алдын-ала жазыңыз, біз сіздің құжаттарыңыздың дұрыстығын онлайн режимінде тексереміз, себебі конкурс тек бір аптаға ғана созылады, осыған орай сіз өтініш беріп үлгеруіңіз қажет.

3. Жергілікті ЖОО арқылы

Егер сізге екі жолмен де ыңғайсыз болса, сіз өзіңіздің аймағыңызда орналасқан жергілікті университетке барып, ол арқылы metu-ға грантқа түсуге өтініш бере аласыз.

Бізге алдын-ала чатқа жазыңыз, біз сіздің құжаттарыңыздың реті бар-жоғын онлайн режимінде тексеріп, басқа университет арқылы қалай өтініш беру керектігін айтып, түсіндіреміз.


Грантқа түсу үшін қандай құжаттар қажет?

Сіз құжаттарыңызды сканерленген форматта бізге жібере аласыз, ал біз сізді МETU талапкерлер базасына енгіземіз:

Ең біріншіден  бізге келесі құжаттарды (сканерлеу, фото, файл) жіберу керек:

1) аттестат немесе диплом қосымшасымен;

2) жеке куәлік немесе туу туралы куәлік (жеке сәйкестендіру үшін қажет);

3) ҰБТ сертификаты;

4)сандық фотосурет 3х4;

5) 075/у нысанындағы медициналық анықтама және флюраораграфия суреті;

6) егер сізде жеңілдік болса бірқатар растайтын құжаттарды тіркеңіз (ата-анасының жоқтығы туралы, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестігі туралы, ҚР азаматтығы жоқ ұлты қазақ адамдар үшін);

7) профилактикалық екпе картасы 063/у;

8) тіркеу билеті (ұлдарға арналған).

9) егер "Алтын белгі" игері болса, соңғы үш жыл ішінде халықаралық немесе республикалық олимпиадалардың, конкурстардың жеңімпазы екенін - растайтын дипломдар мен сертификаттар

10) Егер сізде орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік біліміңіз болса, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс жасаған болсаңыз - еңбек кітапшасы 

11) егер бар болса- Елбасы медалі


Күмәнданудан, грантқа тапсырмаудан және өзіңізді гранттан айырудан гөрі, грантқа өтініш берген  жақсы.

Біз сізге сенеміз және сізге тегін оқуға көмектесеміз!

Егер сұрақтар қалса - бізге жазыңыз, біз таңғы 9-дан түнгі 12-ге дейін демалыссыз байланыстамыз.

👆 На этом пока всё