Құжаттарды тапсыру және университетке қабылдану

METU-ға  грант пен ақылы бөлімге түсу үшін қандай құжаттарды, қашан және қалай тапсыруға болады?

Егер сіз грантқа түсейін деп жатсаңыз, онда гранттар түрлері, құжаттар тізімі және олардың мерзімдері осы мақалада  көрсетілген 

Бакалавриат бағдарламаларымен мына жерден танысуға болады.


METU бакалавриат қабылдау комиссиясының мерзімдері мен күндері

Мектепті немесе колледжді бітірген талапкерлер, мемлекеттік грантқа үміткер болса, ҰБТ тапсырып, университетке конкурстық негізде түседі.

Ақылы бөлімге түсетін  мектепті бітірген талапкерлер , өз мамандығы бойынша ҰБТ тапсырып, қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсырады

Ақылы бөлімге түсетін  колледж түлектері, бакалавриаттан кейінгі екінші жоғары оқуға үміткерлер ҰБТ тапсырмайды және қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсырады.

Егер сіз METU колледжінің түлегі болсаңыз, онда сізде барлық  оқу мерзіміне 30% жеңілдік бар, егер Қазақстанның басқа колледжінің түлегі болсаңыз, 20% жеңілдік. Жеңілдіктер туралы толық ақпаратты осы жерде оқыңыз.

METU шекті баллы 50 балл + әр пән бойынша кемінде 5 баллдан.

Егер мен ҰБТ тапсырмасам немесе 50 баллдан төмен жинап алсам, не істеуім қажет, мына жерден оқыңыз.

Мемлекеттік грантқа құжаттарды тапсыру үшін ҰБТ-ны қашан тапсыру керек?2024 жылғы 16 мамыр -5 шілде

Мемлекеттік грантқа өтінімдерді қабылдау мерзімі қандай?
2024 жылғы 13 шілде – 20 шілде

Мемлекеттік гранттардың нәтижелері қашан жарияланады:
2024 жылғы 10 тамызға дейін


Құжаттарды қашан тапсыру керек?

Егер сіз мемлекеттік грантқа өтініш беріп, грантты  ұтып алсаңыз, онда нәтижелер жарияланғаннан кейін біз сізді қабылдау комиссиясында күтеміз.

Егер сіз мемлекеттік грантқа өтініш беріп, грантты ұтып алмасаңыз, онда нәтижелер жарияланғаннан кейін біз сіздіде қабылдау комиссиясында күтеміз.

Құжаттарды қабылдау 25 тамызға дейін жүзеге асырылады.

Құжаттарды алдын-ала тапсырған дұрыс, өйткені тамыз айында қабылдау комиссиясында үлкен кезектер болуы мүмкін. Кезекте тұрмас үшін, сіз бізге құжаттарды онлайн түрде жібере аласыз. Сол арқылы біз оларды тексеріп , сізге келісім-шартпен танысу үшін оны онлайн түрде  жіберетін боламыз.

Сонда ,сізге тек құжаттардың түпнұсқасымен келу және келісімшартқа қол қою ғана қалады.

Грантқа түсу үшін қандай құжаттар қажет?

 Ең біріншіден, сізге келесі құжаттарды (сканерлеу, фото, файл) WhatsApp-қа жіберу керек (немесе осы мекен-жай бойынша комиссияға әкелу керек):

1) аттестат немесе диплом қосымшасымен;

2) жеке куәлік немесе туу туралы куәлік (жеке сәйкестендіру үшін қажет);

3) ҰБТ сертификаты;

4)сандық фотосурет 3х4;

5) 075/у нысанындағы медициналық анықтама және флюраораграфия суреті;

6) егер сізде жеңілдік болса бірқатар растайтын құжаттарды тіркеңіз (ата-анасының жоқтығы туралы, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестігі туралы, ҚР азаматтығы жоқ ұлты қазақ адамдар үшін);

7) профилактикалық екпе картасы 063/у;

8) тіркеу билеті (ұлдарға арналған).

9) егер "Алтын белгі" игері болса, соңғы үш жыл ішінде халықаралық немесе республикалық олимпиадалардың, конкурстардың жеңімпазы екенін - растайтын дипломдар мен сертификаттар

10) Егер сізде орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік біліміңіз болса, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс жасаған болсаңыз - еңбек кітапшасы

11) егер бар болса- Елбасы медалі

Біз сіздің құжаттарыңызды тексереміз және университетке қабылдау туралы келісім шартқа қол қоямыз.

Құжаттарды қалай тапсыруға болады?

Құжаттарды қабылдау 25 тамызға дейін жүзеге асырылады.

Қабылдау комиссиясы  әр күн сайын (демалыс күндерін қосқанда) таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді.

Сұрақтарыңыз бар ма?

ҚК байланысуға болады:

Whatsapp-қа жазыңыз

Қабылдау комиссиясына қоңырау шалыңыз- +7 775 007 5055

Мына мекен-жайға келіңіз: Әл-Фараби даңғылы, 89/21 (Әл-Фараби даңғылы, 93Г/5), Алматы


METU: әлеуметтік желілер мен сілтемелер

Негізгі сайт: metu.edu.kz

Instagram: metu.univer

Facebook: Международный инженерно-технологический университет

Telegram арнасы: metu_univer

👆 На этом пока всё