Metu - оналйн кампус туры

Алматы қ. халықаралық инженерлік-технологиялық университеті бойынша офлайн және онлайн кампус туры

Metu Онлайн туры

Видео түсірілім әлі процесте болғандықтан, ол 2024 жылдың сәуір айында дайын болады, суреттегі бейнелер арқылы біздің университетпен танысуды  ұсынамыз.


Кампус турға тіркелу

Алматы қаласындағы Metu университетіндегі кампус-турға шақырамыз!

Кампус тур бұл - METU кампустарына шолу. Яғни, сіз университет жайлы толығырақ ақпарат алып, біздің бағдарламалар, халықаралық бағдарламалар туралы біліп, тіпті оқытушылармен танысуға тамаша мүмкіндік ала аласыз. Біздің гидтер сізге университетке студенттердің көзімен қарауға көмектеседі: олардың қалай өмір сүретінін, қайда оқитынын және бос уақыттарын қалай өткізетінін көріп, біле аласыз.

Бұл корпустармен, жатақханамен (StudHouse), зертханалармен және ғылыми-зерттеу орталықтарымен, кафедра қызметкерлерімен танысуды қамтитын 50 минуттық бағдарлама. Сондай-ақ, біз сізге ЖОО-ның бағдарламалары мен мүмкіндіктері туралы айтып береміз.

 📎Қашан?
 2024 жылдың сәуірінен бастап сенбі күндері.


 Экскурсияға тіркелу үшін - Whatsapp- қа жазыңыз 📩

Қабылдау комиссиясының операторлары сізді, сізге ыңғайлы күнге тіркейтін болады. Осы күндері Алматыға келе алмайтындар үшін біз жақын арада онлайн кампус турының видеосын салатын боламыз, сондықтан арнамыздан ауыспаңыздар 😉

 

Қабылдау комиссиясымен байланысу

Құжаттарды қабылдау 25 тамызға дейін жүзеге асырылады.

Қабылдау комиссиясы  әр күн сайын (демалыс күндерін қосқанда) таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді.

Сұрақтарыңыз болса:

ҚК байланысуға болады:

Whatsapp-қа жазыңыз

Қабылдау комиссиясына қоңырау шалыңыз- +7 775 007 5055

Мына мекен-жайға келіңіз: Әл-Фараби даңғылы, 89/21 (Әл-Фараби даңғылы, 93Г/5), Алматы

 

METU: әлеуметтік желілер мен сілтемелер

Негізгі сайт: metu.edu.kz

Instagram: metu.univer

Facebook: Международный инженерно-технологический университет

Telegram арнасы: metu_univer

 

👆 На этом пока всё